Атырау әуежайында никаб киген алты әйел жауапкершілікке тартылды
Әйелдер Қазақстанға оралғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атырау әуежайында көлік полицейлері никаб киген алты әйелді анықтады. Қазақстанға оралғаннан кейін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Атырау станциясындағы көлік полициясы бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орында адамның бет-жүзін тануға мүмкіндік бермейтін, бетті толық жауып тұратын киім киген алты жолаушы әйелге назар аударған.
Тексеру барысында әйелдердің барлығы Атырау қаласының тұрғындары екені анықталды. Олар Атырау – Стамбул рейсімен шетелге ұшқан.
Қазақстанға оралғаннан кейін әйелдер қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Көлік полициясы белгіленген ережелерді сақтау көлік инфрақұрылымы нысандарында ерекше маңызды екенін еске салады. Мұндай орындарда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамның жеке басын дер кезінде анықтау айрықша мәнге ие», – деп мәдімдеді көлік полициясы.
Ведомство қоғамдық орындарда, соның ішінде көлік инфрақұрылымы нысандарында белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін еске салды.