16.11.2025, 08:03
Спорт
Нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
Бұл жолы медальді ерлер құрамасы еншіледі
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жүлдесін олжалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше бұл жолы медальді ерлер құрамасы еншіледі. Отандастарымыз 25 метрге тапаншамен атудан командалық жарыста үшінші орын алды.
«Жүлдегерлер қатарында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков бар», - деп жазылған хабарламада.
Бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленсе, Қытай екінші орынға тұрақтады.
Айта кетері, бұған дейін әлем чемпионатында 50 метрге мылтықпен үш қалыптан атудан командалық жарыста Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова үшінші орын алған еді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті