30.09.2025, 16:41
Спорт
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының уақытша бас бапкері тағайындалды
Бұл қызметті уақытша Талғат Байсуфинов атқаратын болды
Фото: Қазақстанның футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін Талғат Байсуфинов уақытша атқаратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлімдеп отыр.
«Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) өтетін матчтарға Қазақстан құрамасын дайындайды», - деп хабарланған федерацияның ресми сайтында.
Байсуфинов ұлттық құраманы бұған дейін екі рет – 2016–2017 және 2020–2022 жылдары басқарған. Қазір ол жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарып жүр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды