30.09.2025, 17:14
Спорт
«Үш-төрт сағат ерте келіңіздер»: «Қайрат» жанкүйерлеріне үндеу жасады
Футбол клубы сондай-ақ жанкүйерлеріне тосын сый дайындаған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
«Қайрат» футбол клубы жанкүйерлеріне матч алдында үндеу жасап, стадионға ерте келуді сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Футбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, стадион аумағына жанкүйерлер 17:45-тен бастап кіре алады. Дәл осы уақытта ойын алдындағы бағдарлама басталады. Соның ішінде:
- УЕФА мен клуб серіктестерінің интерактив аймақтары
- көңілді барабаншылар шоуы
- жанкүйерлерге арналған тегін аквагрим
- фудкорттағы дәмді тағамдар мен сусындар
- трибунада клуб жалаулары таратылады
«Көрермендерден матч басталғанға дейін 3–4 сағат бұрын келуді сұраймыз. Бұл — стадионға кіреберістегі тексеріс пен бақылаудан өтуге, кезек пен ыңғайсыздықтың алдын алуға көмектеседі. Билетіңіз бен куәлік деректеріңізді алдын ала дайындап қойыңыздар», - деп хабарланған клубының ресми аккаунты.
Айта кетейік, «Реал» мен «Қайрат» арасындағы матч бүгін сағат 21:45-те басталады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген