Астанада «Қазақстан Барысы» қалалық іріктеу турнирі басталды
Іріктеуге 80 балуан қатысып жатыр

Елордадағы «Аспан» спорт кешенінде қазақ күресінен дәстүрлі «Астана барысы» қалалық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жарысқа 80 балуан қатысып жатыр. Олардың 15-і аса ауыр салмақтағы «Түйе балуан» санатында күш сынайды.
Турнир Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Балуандар арасында Нұрдаулет Айсағалиев, Олжас Шынкеев, Мейіржан Сламшаиков пен Жасұлан Халқабаев секілді тәжірибелі спортшылар бар.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, медаль және диплом табысталады. Ал «Түйе балуан» санатында 1-2 орын иеленген спортшылар «Астана барысы» белбеуін жеңіп алып, қазан айында өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдама алады.
2015 жылы Астананың намысын қорғаған Ғани Сейділдаев «Қазақстан барысы» додасында қола жүлде иеленген болатын.