$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:33
Спорт

Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы мәртебесіне ие болады

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады

Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы мәртебесіне ие болады
Фото: туризм және спорт министрлігі

Әзербайжанның Гянджа қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің отырысында Алматы қаласына 2026 жылғы ТМД-ның спорт астанасы мәртебесі берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жиынға Әзербайжанның жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан спорт ведомстволарының басшылары мен ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысында ынтымақтастықтың жаңа басым бағыттарын айқындайтын хаттамаға қол қойылды.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов Алматының мәртебеге лайық екенін атап өтті.

«Қалада дамыған спорт инфрақұрылымы, халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесі және бұқаралық спорттың дәстүрі бар. Бүгінде Алматыда 3 мыңнан астам спорт нысаны бар. Оның ішінде «Алматы Арена», «Халық Арена» кешендері және «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері жұмыс істейді», – деді ол.

«ТМД спорт астаналары» бағдарламасы аясында Алматыда алдағы уақытта халықаралық форумдар, спорттық жарыстар, жастар мен инклюзивті жобалар өткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Әзербайжанда 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында ТМД-ның III Ойындары өтіп жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы 18 спорт түрінен, оның ішінде 16 олимпиадалық және 2 олимпиадалық емес санаттан бақ сынайды.

Серіктес жаңалықтары