ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2025, 11:26
Спорт

«Қайрат» VS «Реал»: Алматы көшелері сағат 16.00-де жабыла бастайды

Қалалық полиция күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті

«Қайрат» VS «Реал»: Алматы көшелері сағат 16.00-де жабыла бастайды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реалдың» арасындағы матчқа байланысты Алматыдағы көшелер сағат 16.00-ден бастап жабыла бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының полиция департаменті қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін және ойынды жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосу үшін Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізеді.

Сағат 16:00-ден бастап мына көшелерде қозғалыс шектеледі:

  • Абай даңғылы (Байзақовтан Сейфуллинге дейін)
  • Сәтбаев даңғылы (Байзақовтан Сейфуллинге дейін)
  • Байтұрсынов көшесі (Тимирязевтен Шевченкоға дейін)

Полиция осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарға жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алу керек дейді.

Футбол жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін «Қайрат» (Алматы) пен «Реал Мадрид» (Мадрид) арасындағы матчтан кейін тегін автобустар қатынайды.

Әкімдіктің хабарлауынша, матч аяқталған соң Орталық стадионнан негізгі бағыттарға 60 тегін автобус жүреді. Олар мына 6 бағыт бойынша қатынайды:

  • Орталық стадион – «Алматы Арена» (А1, жүретін жері – Абай даңғылы, батыс бағыты)
  • Орталық стадион – Райымбек/Алатау (А2, жүретін жері – Абай даңғылы, батыс бағыты)
  • Орталық стадион – Алматы-1 теміржол вокзалы (А3, жүретін жері – Байтұрсынов көшесі, солтүстік бағыты)
  • Орталық стадион – Орбита ықшамауданы (А4, жүретін жері – Байтұрсынов көшесі, оңтүстік бағыты)
  • Орталық стадион – Жұлдыз ықшамауданы (А5, жүретін жері – Абай даңғылы, шығыс бағыты)
  • Орталық стадион – Әуежай (А6, жүретін жері – Абай даңғылы, шығыс бағыты)

Сонымен қатар, метро жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзарды.

Серіктес жаңалықтары