$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:31
Спорт

Алматы бюджеті «Реалдың» арқасында 2-3 млрд теңге пайда таппақ

Бұл туралы бүгін Туризм индустриясы комитетінің төрағасы мәлім еткен

Алматы бюджеті «Реалдың» арқасында 2-3 млрд теңге пайда таппақ
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ертең, 30 қыркүйек күні Алматыда өтетін «Қайрат-Реал» ойынының арқасында қала бюджетіне шамамен 2-3 млрд теңге пайда түседі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде

Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Қарипбаев мәлім етті, деп хабарлайды

Оның айтуынша, ойынның бүкіл билеті сатылып кеткен, шамамен 4 мыңнан астам турист келді деген болжам бар.

«Жоспар бойынша, бюджетке шамамен 2-3 миллиард теңге пайда түседі деп болжанып отыр», - деп мәлім етті ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турындағы кездесуі ертең, 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді. Бүгін түнде қалаға әлемдік футболдың жұлдыздары ұшып келді. Олар Алматыдағы «Intercontinental Almaty» қонақ үйіне жайғасқан. Кейбір бейресми дереккөз, футбол командасы қонақ үйді толықтай брондағанын жазған. 

Серіктес жаңалықтары