23.09.2025, 13:59
Спорт
«Мен кассир емеспін»: «Қайраттың» бас жаттықтырушысы билет сұрап мазалайтындарға өтініш айтты
Өз жақындарым үшін билет алып үлгерсем ризамын дейді ол
Фото: instagram.com/f.c.kairat/
Бүгін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы 30 қыркүйекке жоспарланған матчтың билеттері сатылымға шығады. Арнайы баспасөз конференциясында «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы Рафаэль Уразбахтин билет сатылымына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, билет сатылымына қатысты ажиотаж оның жеке өміріне де қатты әсер еткен екен.
«Билет сұрап хабарласатындар көп. Мен құдды бір «Қайратты» кассирі сияқтымын. Мен кассир емеспін, билет сатпаймын. Жақындарым үшін бірнеше билет тапсам, жақсы болар еді», - дейді ол.
Ол сондай-ақ «Реал» командасы шынымен де өте мықты команда, сондықтан, «Қайрат» ойыншыларына оңай болмайды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды