$ 541.68  636.26  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2025, 17:25
Спорт

Жеңіс Қасымбек боксшы Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайға 30 млн теңгенің сертификатын берді

Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған

Жеңіс Қасымбек боксшы Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайға 30 млн теңгенің сертификатын берді
Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатынан алтын алған екі спортшыға 30 млн теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, спортшыларды құттықтаған.

«Санжар Тәшкенбай екінші мәрте әлем чемпионы атанды. Ол алғаш рет 2023 жылы 19 жасында 48 келі салмақта жеңімпаз атанса, биыл Ливерпульде 50 келі салмақта бұл жетістігін қайталады. Айбек Оралбай өз есімін Қазақстан спорты тарихында алтын әріптермен жазды. Ол әлем чемпионатында суперауыр салмақта ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алды», - деп жазған әкім.

Әкімнің айтуынша, Астана қаласы спортшыларды әрдайым қолдап келеді. Қалалық Боксты дамыту орталығы жұмыс істесе, биыл Бекзат Саттарханов атындағы жаңа спорт кешені ашылды.

Серіктес жаңалықтары