23.09.2025, 10:25
Жаңалықтар
«Қайрат» VS «Реал»: билет бағасы мен сатылым күні жарияланды
Матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Freedom Ticketon сервисі УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Қайрат» пен Мадридтің «Реалы» арасындағы матчқа билеттердің бағасы мен сатылым басталатын күнді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталу уақыты – Астана уақытымен 21:45.
Sportarena.kz мәліметінше, билеттерді 23 қыркүйек күні сағат 17:00-ден бастап Qairat SuperApp қосымшасы, «Қайраттың» ресми сайты, сондай-ақ Ticketon және Freedom платформалары арқылы сатып алуға болады.
Билеттердің бағасы
Батыс трибунасы:
- 30 000 теңге – 1-9-секторлар, 1-2-қатарлар;
- 250 000 теңге – 1-17-секторлар.
Шығыс трибунасы:
- 150 000 теңге – 30-48-секторлар.
Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар):
- 75 000 теңге – 18-28 және 49-60-секторлар.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды