$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 00:30
Спорт

Өзбекстан қазағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Ширек финалда ол Қазақстан балуанын жеңіп кетті

Өзбекстан қазағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
Фото: UWW

Күрес түрлерінен Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан намысын қорғайтын ұлты қазақ балуан Айтжан Қалмаханов 63 келіде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда ол Оңтүстік Кореядан келген Чунг Хан-Жэні жеңді. Ал, ширек финалда қазақстандық Ержет Жарылқасыннан басым түскен болатын.

«19 жастағы Айтжан бұған дейін жастар арасында әлем чемпионатында және Азия біріншілігінде топ жарған. Жыл басынан бері ірі үш жарыста чемпион атанды», - деп жазды портал.

Айта кету керек, дәл осы чемпионатта 60 келіде отандасымыз Айдос Сұлтанғали жеңімпаз атанған еді. Ол – XXI ғасырда Қазақстан тарихында күрестің осы түрінен чемпион атанған алғашқы балуан.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен Әлем чемпионатында топ жарған Айдос Сұлтанғалиды жеңісімен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары