21.09.2025, 16:42
Жаңалықтар
Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады
Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз
Фото: ҰОК
Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды айтулы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін», – деп жазды президент Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғалидың грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алған еді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы