$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық желаяқ Нора Джеруто әлем чемпионатының финалында мәреге жетер алдында сүрініп құлады

Кениядан шақырылған желаяқ Нора Джеруто әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстандық желаяқ Нора Джеруто әлем чемпионатының финалында мәреге жетер алдында сүрініп құлады
Фото: Olympic.kz

Кениядан шақырылып, Қазақстан намысын қорғап жүрген желаяқ Нора Джеруто әлем чемпионатында медальсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады.

Спортшы 3000 метр қашықтыққа тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалдық сайыста Джеруто алдыңғы топта келе жатты. Соңғы айналымда қола жүлде үшін таласқан.

Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, құлап қалды. Нәтижесінде алтыншы болып мәре сызығын кесті – 9:06.34.

Кениялық Фейт Черотич чемпион атанды – 8:51.59. Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви екінші орынға табан тіреді - 8:56.46. Үздік үштікті эфиопиялық Сембо Алмаю түйіндеді – 8:58.86.

Серіктес жаңалықтары