15.08.2025, 17:20
Спорт
Ришат Хайбуллин әлемдік ойындарда қола медаль алды
Алтын медальды қытайлық спортшы алды
Фото: Olimpik.kz
Қазақстандық спорттық құзға өрмелеу шебері Ришат Хайбуллин Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлемдік ойындарда жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол «жылдамдық» дисциплинасында үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді қытайлық Цзянь Го Лун иеленсе, күміс жүлде индонезиялық Киромал Катибинге бұйырды.
Қазақстан құрамасының өзге мүшелерінен Әмір Маймуратов – 15-ші, Бекнұр Алтынбеков – 23-ші, Дамир Тоқтаров – 28-ші орынға табан тіреді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді