$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр

Додаға 20 ел қатысып жатыр

Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Olimpik.kz

Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға әлемнің үздік спортшылары қатысып, бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйелдер арасында 56 келі салмақ дәрежесінде өткен финалдық белдесулерден кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

Чемпионатқа Пәкістан, БАӘ, Тунис, Ресей, Италия, Түркия, Марокко, Молдова, Үндістан, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Бразилия, Таиланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Камерун, Гана, Эфиопия, Венесуэла, Иран және басқа да мемлекеттердің спортшылары келді.

Бағдарламаға сәйкес, чемпионатта 16 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Ерлер мен әйелдер сегіз-сегіз салмақ бойынша сынға түседі. Қазақстан намысын Қарулы Күштер мен ҚР Мемлекеттік Күзет Қызметінің таңдаулы балуандары қорғайды. Ел құрамасы 2025 жылдың басында Алматыда өткен іріктеу чемпионаты нәтижесінде жасақталған.

Қазақстан бұл чемпионатты өткізу құқығын 2024 жылдың мамырында Танзанияда өткен Халықаралық әскери спорт кеңесінің 79-шы Жалпы ассамблеясы мен конгресінде таныстырылым жасап, жеңіп алған еді.

Серіктес жаңалықтары