06.07.2025, 22:58
Спорт
Бокстан Әлем кубогы: Айбек Оралбай ел қоржынына сегізінші алтын медаль салды
Ол ақтық сында Германия құрамасының өкілін жеңді
Фото: Olympic.kz
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының финалында 90 келіден жоғары салмақта жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Финалда Германия боксшысынан басым түсті
Айбек ақтық сында Германия құрамасының өкілі Никита Путиловпен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі техникасы мен шеберлігін танытқан отандасымыз төрешілердің айқын басым шешімімен жеңіске жетті.
Қазақстан қоржынына – 8 алтын, 4 күміс медаль
Қазақстан құрамасы осы Әлем кубогында 12 медаль жеңіп алды:
Алтын медаль иегерлері:
- Назым Қызайбай (48 кг дейін);
- Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін);
- Махмұд Сабырхан (55 кг дейін);
- Виктория Графеева (60 кг дейін);
- Сабыржан Аққалықов (75 кг дейін);
- Бекзад Нұрдәулетов (85 кг дейін);
- Наталья Богданова (70 кг дейін);
- Айбек Оралбай (90 кг жоғары).
Күміс медаль иегерлері:
- Нұрбек Оралбай (80 кг дейін);
- Алуа Балқыбекова (51 кг дейін);
- Надежда Рябец (75 кг дейін);
- Елдана Тәліпова (80 кг жоғары).
Көп оқылған
24.05.2026, 06:14
Түркиядағы туристер көп баратын аймақта жер сілкінді
24.05.2026, 08:28
«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр
24.05.2026, 10:03
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
24.05.2026, 10:35
Өскеменде дүкен өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
24.05.2026, 11:15
Азия чемпионаты: отандастырымыз грек-рим күресінен алты медаль еншіледі