06.07.2025, 21:57
Спорт
Сабыржан Аққалықов Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
Ол болгариялық боксшыдан басым түсті
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, алтын медаль иеленді.
Финалдық жекпе-жекте Сабыржан болгариялық боксшы Рами Киванмен кездесіп, алғашқы раундтардан-ақ басымдық танытты. Қорытындысында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Аққалықов чемпион атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасының аталған турнирдегі жетінші алтын медалі. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 кг), Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Виктория Графеева (60 кг), Наталья Богданова (70 кг) және Бекзад Нұрдәулетов (85 кг) чемпион атанған болатын.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады