06.07.2025, 20:47
Спорт
Қазақстандық жасөспірім ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық Ксения Прозорова екі медальға ие болды. Спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша ол 194 (89+105) келіні еңсерді. Сондай-ақ, ол жұлқа көтеруде Азия рекордын жаңарты.
Осы нәтижемен Ксения жастар арасындағы чемпионатта екінші орын алды.
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (U17)
- Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89+105);
- Цюи Жао (Қытай) – 187 (86+101);
- Маржона Абдумуталова (Өзбекстан) – 182 (80+102).
Жастар арасындағы Азия чемпионаты (U20)
- Гуан-Лин Чень (Тайбэй) – 209 (93+116);
- Ксения Прозорова (Қазақстан) – 194 (89+105);
- Тхи Сен Ха (Вьетнам) – 193 (87+106).
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты