$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2025, 04:04
Спорт

Астана спортшылары Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Жарысқа 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты

Астана спортшылары Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары жалпы саны 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның 5-еуі – алтын, 4-еуі – күміс, 2-еуі – қола жүлде.

Тарихи нәтижеге қол жеткізді

Жарыстың алғашқы күнінде командалық көпсайыста №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің құрамасы алтынға қол жеткізді.

«Сеньорлар арасындағы командалық біріншілікте осы құрамға Айым Мейіржанова мен Айбота Ертайқызы қосылып, күміс жүлде әкелді. Юниорлар жарысында Ақмарал Ерекешева мен Рысбек Айғаным да күміске табан тіреді», - деп жазылған хабарламада.

Финалдық бағдарламада №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы 3 шығыршық + 2 жұп ұршық жаттығуында алтын, 5 лентада күміс еншіледі.

Жеке нәтижелер:

  • Айбота Ертайқызы – лентада алтын медаль, көпсайыста қола медаль;
  • Ақмарал Ерекешева – доп пен лентада қос алтын медаль, ұршықта күміс медаль;
  • Айым Мейіржанова – ұршықта қола медаль;
  • Рысбек Айғаным – жеке көпсайыста 4-орын.

Бапкерлердің еңбегі ерен

Бұл тарихи нәтижеге жетуге зор үлес қосқан бас жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева бастаған тәжірибелі бапкерлер құрамында Оксана Нечитайло мен Екатерина Панченко бар. Спортшыларды дайындаған хореографтар – Шыңғыс Оспанбаев бастаған Сая Айдыс пен Карина Аблакова.

«Біз осы жетістікке бір команда болып қол жеткіздік. Әр спортшымның табандылығы мен бапкерлер тобының ерен еңбегі – бәрі бір арнада тоғысып, Азия чемпионатындағы 5 алтын, 4 күміс, 2 қола медальға айналды», – дейді Меруерт Балғынбаева.

Айта кету керек, бұл жарысқа 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.

Серіктес жаңалықтары