$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 02:04
Спорт

Зарина Диас жарақатынан айыққаннан кейін алғаш рет чемпион болды

Ол екі жыл теннистен қол үзіп, былтыр кортқа оралған болатын

Зарина Диас жарақатынан айыққаннан кейін алғаш рет чемпион болды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы ITF W50 санатындағы халықаралық беделді турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Финалдық кездесу екі сетте аяқталды

Зарина финалда жергілікті 27 жастағы Аяно Шумицуды жеңді.

«Матч екі сетте аяқталды. Әлемдік рейтингте 318-ші орында тұрған отандасымыз қарсыласынан 6:4, 6:3 есебімен басым түсті», - деп жазылған хабарламада.

Бұл Заринаның тенниске оралғаннан кейінгі бірінші титулы. Ол жарақатына байланысты екі жылға жуық кортқа шықпады. Содан кейін бабына келу үшін көп уақыт қажет болды.

Теннисші қатты қуанғанын жасырмады

Зарина Дияс әлеуметтік желідегі парақшасында Жапониядағы соңғы турнирін жеңіспен аяқтап, қатты қуанғанын жазды.   

«Төрт апта бойы көптеген матч өткіздім, Жеңістер де, қиындықтар да, күрес те, өсу де болды. Үйге жүрегім толқып, зор қуанышпен қайтып бара жатырмын», - деп атап өтті спортшы.

Ол Жапония еліне бай тәжірибе, сынақтар мен естеліктер үшін алғыс айтты.

 

Серіктес жаңалықтары