$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.05.2025, 15:50
Спорт

Біраз уақыт Лондонда өмір сүрген Елдос Сметов астаналықтарға өтініш айтты

Ол елорда тұрғындарын Grand Slam турнирінде Қазақстан спортшыларын қолдауға шақырды

Біраз уақыт Лондонда өмір сүрген Елдос Сметов астаналықтарға өтініш айтты
Фото: instagram.com/arsenal

Астанаға келген Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елорда тұрғындары мен қонақтарын 9-11 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін Grand Slam турниріне келіп, спортшыларымызды қолдауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Сметовтің өзі бұл турнирге қатыспайды. Ол шараның құрметті қонағы болады.

«Баршаларыңызға қайырлы күн. Міне, елордамызға келіп қалдық. Ертең өтетін Grand Slam турнирінде спортшыларымызды қолдауға шақырамын. Біздің спортшыларымызға қолдау көрсетіңіздер! Ертең әнұранымыз көп рет шықалып, чемпиондарымыз көбейетін күн болсын!  Баршаларыңызды осы шараға шақырамын. Мен осы турнирге қатысатын спортшыларды қолдау үшін Астанаға арнайы келдім», - деді Сметов.

Айта кетейік, биыл жыл басында Елдос Сметов тіл үйрену үшін Лондон қаласына уақытша қоныс аударған болатын.

Серіктес жаңалықтары