10.01.2025, 09:40
Спорт
Елдос Сметов пен әйелі Лондонға көшіп кетті
Олар Лондонда төрт ай тұрады
Фото: instagram.com/yeldos60kg/
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов отбасымен бірге бірнеше ай Лондон қаласында өмір сүреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы спортшы 2024 жылдың қарашасында айтқан. Спортшы Париж Олимпиадасы кезінде ағылшын тілін білмеген соң қиналғанын, ендігі мақсаттарының бірі – тілді жетік меңгеру болатынын айтқан еді.
«2025 жылдың басында арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға 4 айға барамын. Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшын тілінде сұхбат бергім келеді», – деген еді спортшы журналистерге.

Күні кеше спортшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Лондонға аттанғаны туралы суреттер жүктеген. Оны жақындары, достары шығарып салған.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 22:14
24 күннен кейін комадан шықты: Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)