$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2025, 16:46
Спорт

Лондонға кеткен Елдос Сметов «жылдың үздік дзюдошысы» атағын ала алмай қалды

Халықаралық дзюдо федерациясы жылдың үздік спортшысын атады

Лондонға кеткен Елдос Сметов «жылдың үздік дзюдошысы» атағын ала алмай қалды
Фото: www.gov.kz/

 2025 жылдың қаңтарында Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) «Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы» номинациясы бойынша IJF Judo Awards 2024 шорт-тізімін ұсынған еді. Шорт-тізімдегі Қазақстан спортшысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов әлемнің үздік дзюдошысы атана алған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл атақ Әзербайжан спортшысы Хидаят Гейдаровқа бұйырған. Айта кетейік, Гейдаров та 2024 жылды өте жақсы көрсеткішпен аяқтаған болатын. Ол 75 келі салмақта Олимпиада ойындарының алтын медалін, Еуропа чемпионаты мен Әлем чемпионатын жеңіп алған.

Айта кетейік, Елдос Сметовтің салмақ дәрежесі 60 келі. Ол жыл басында ағылшын тілін үйрену үшін отбасын алып, Лондонға көшіп кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары