02.02.2025, 00:00
Спорт
Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
Тағы бір қазақстандық спортшы Арина Ильященко төртінші орынды місе тұтты
Фото: olympic.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Дауранова 1000 метр қашықтықта қарсыластарынан озып, алтын медаль иеленді. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қоланы норвегиялық Инна Накен еншіледі», – делінген хабарламада.
Тағы бір қазақстандық спортшы Арина Ильященко қола жүлдеден сәл ғана қалып, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтижемен жарысты аяқтады.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды