$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2025, 10:30
Спорт

Келісімшартты ерте бұзғаны үшін футбол федерациясының Черчесовке өтемақы төлейтіні рас – вице-министр

Вице-министр өтемақының сомасын айта алмады

Келісімшартты ерте бұзғаны үшін футбол федерациясының Черчесовке өтемақы төлейтіні рас – вице-министр
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап берген туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бірнеше күн бұрын Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымынан кеткен Станислав Черчесовтің мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Дәлірек айтсақ, редакция тілшісі келісімшартты кім бұзғанын және келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтағаны үшін Черчесовке қандай көлемде өтемақы берілетінін сұрады. Серік Жарасбаев бұл сұрақтарға тек ішінара ғана жауап берді.

«Черчесовті тағайындау және келісімшартты бұзу толығымен футбол федерациясының жұмысы.  Менің білетін ақпаратым бойынша, федерация келісіп, келісімшартты бұзайын деп жатыр. Нақтылау сұрақтарын федерацияға қойған дұрыс. Қазір келісімшартты бұзу мәселесі келісу сатысында. Бірақ, ол қазір ұлттық құраманың бас бапкері емес. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы төлейді, бірақ оның сомасын федерация мен Черчесов қана біледі», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, екі күн бұрын футбол федерациясы Черчесовтің бас бапкер лауазымынан кеткенін мәлімдеген еді. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#спорт #футбол