Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен қуылды
Ресейлік бапкердің тұсында Қазақстан құрамасы қарсылас командасына бірде бір гол соға алған жоқ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бойынша еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.
Сол сияқты ресейлік бапкердің тұсында Қазақстан құрамасы қарсылас командасына бірде бір гол соға алған жоқ.
«Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді!» - деп жазды ҚФФ.