$ 520.91  544.25  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2024, 15:29
Спорт

«Жеңіске бірге жетейік»: Шавкат Рахмонов енді Қазақстандағы жемқорларды жоқ қылайық дейді

Ол Антикордың «Жеңіске бірге жетейік» деген акциясын қолдаған

«Жеңіске бірге жетейік»: Шавкат Рахмонов енді Қазақстандағы жемқорларды жоқ қылайық дейді
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC-дегі соңғы жеңісінен кейін атағы дүркіреп тұрған Шавкат Рахмонов Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы акцияны қолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Дәл осы күні Шавкат әлеуметтік желідегі жеке парақшасына Антикордың логотипі бар сурет жүктеп, «Жеңіске бірге жетейік» деп жазған.

«Солай бола тұра, ол Агенттіктің төрағасы Асхат Жұмағалидің аккаунтын белгілеп, осылайша оған жемқорлықпен күресте қолдау көрсетті», - деп хабарлайды агенттік.

Айта кетейік, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде Ирландия спортшысы Иан Мачадо Гэрриді жеңген еді. Одан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны құттықтаған болатын.

Серіктес жаңалықтары