06.12.2024, 18:00
Спорт
«Қазақстанның ауыр атлетикасындағы жаңа есімдер»: Бахрейндегі Әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
8 желтоқсан күні отандасымыз Ақмолда Сайрамкез бірінші болып жарыс алаңына шығады
Фото: istockphoto.com
Бүгін, 6 желтоқсан күні Бахрейнде ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлем чемпионатына биыл 92 елден 471 ауыр атлет қатысып жатыр.
Ал, Қазақстанның ерлер құрамасының ішінде мына спортшылар бар:
- 67 кг: Ақмолда Сайрамкез
- 81 кг: Александр Уваров
- 81 кг: Алексей Чуркин
- 89 кг: Денис Уланов
- 86 кг: Денис Полубояринов
- 96 кг: Кирилл Староверкин
- 96 кг: Нұрғиса Әділетұлы
- 102 кг: Артем Антропов
- 109 кг: Андат Самарқанов
- 109 кг: Мейрам Сұлтан
Қазақстан әйелдер құрамасындағы спортшылар мыналар:
- 64 кг: Карина Горичева
- 71 кг: Арай Нұрлыбекова
- 76 кг: Аянат Жұмағали
- 76 кг: Айша Омарова
- +87 кг: Любовь Ковальчук
Айта кетейік, Бахрейндегі әлем чемпионаты 6-15 желтоқсан күндері өтеді. Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның атынан жарыс жолына бірінші болып 8 желтоқсан күні Ақмолда Сайрамкез өнер көрсетеді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді