08.12.2024, 12:17
Жаңалықтар
Тоқаев Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады
Ол қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді
Фото: sports.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде өткен жекпе-жекте ирландиялық Иан Мачадо Гэрриді жеңді. Бұл жеңіс Рахмоновтың UFC ұйымындағы жетінші, ал жалпы мансабындағы 19-жеңісі. Сонымен қатар бұл Иан Гэрридің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)