08.12.2024, 12:39
Жаңалықтар
Жетісу облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Өрт жеке тұрғын үйдің шатырынан шыққан
Фото: ҚР ТЖМ
Жетісу облысының өрт сөндірушілері тұрғын үйді өрттен және болуы мүмкін жарылыстан аман алып қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy..
Өрт Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйдің шатырынан шыққан.
«Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында өрт аз аумақты ғана шарпыды. Сонымен қатар өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер түтін басқан үйдің ішінен газ баллонын шығарып, қауіпсіз жерге орналастырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және газ баллондарының жарамдылығы мен қауіпсіздігін үнемі тексеруге шақырады.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
16.10.2026, 14:48
Ақтауда балабақша қызметкерінің туберкулезден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды