$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2024, 16:32
Спорт

Қазақ күресі, аударыспақ және бесасықтан құраманың неше спортшысы финалға өтті

Қазақ күресінен тағы бес спортшы алтынға таласады

Қазақ күресі, аударыспақ және бесасықтан құраманың неше спортшысы финалға өтті
Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресі, аударыспақ және бесасықтан қанша қазақстандық спортшы финалға өткен белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақ күресінен бес спортшы алтынға таласады. Ерлер арасында Ерсұлтан Мұзаппаров (100 келі) пен Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг) финалда күреседі. Ал 90 келіде Ерасыл Жанатаев қола жүлдеге таласады. 82 келіде сынға түскен Ерсін Сейітқазы алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді. Әйелдер: Зарина Сарипова (65 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі) финалға шықты. Ал +77 келіде Альбина Бахиева қола жүлде үшін күреседі.

Еске сала кетсек, қазақ күресінен алғашқы жарыс күні сынға түскен қазақстандық сегіз спортшы алтын жүлдеге ие болған еді.

Аударыспақтан бүгін жарыстың соңғы күнінде ел намысын 3 спортшымыз қорғады. Үшеуі де финалға жолдама алды. Олар: Есімхан Рахматіллә (90 келі), Сырым Ізбасаров (100 келі) және Біржан Қосалиев (+100 келі).

Еске сала кетсек, аударыспақтан алғашқы жарыс күнінде 60 келіде Ермек Құралбай, 70 келіде Алмат Ләтіпбек және 80 келіде Дарын Өткелбай алтын медаль жеңіп алды.

Бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей ақтық кезеңге жолдама алды. «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан жарыста ұлттық құрама спортшылары жарыстың екінші күні де қарсыластарынан басым түсті. Бүгін А тобындағы Швеция және Румыния ұлттық құрамаларының асықшыларымен кездесу өткізіп, екеуін де 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан А тобында бірде-бір жеңіліссіз топтық кезеңді 12 ұпаймен аяқтады. Финалдық ойында отандық асықшылар Ресей спортшыларына қарсы өнер көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары