«Мура, не болып қалды?»: Маржықпаев федерация басшыларын жерден алып, жерге салды

Azattyq Rýhy

Өкінішке қарай, туризм және спорт министрлігінің алқа отырысына көп журналистер қатыса алмаған

«Мура, не болып қалды?»: Маржықпаев  федерация басшыларын жерден алып, жерге салды
Фото: Ақорда

Бүгін туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша алқа отырысын өткізіп, федерациялардың жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетететін жайт, алқа отырысы туралы біраз БАҚ өкілдері хабарсыз болған. Алқа отырысы аяқталған соң министрліктің баспасөз қызметі оның видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

Алқа отырысының бейнежазбасына қарасақ, өзі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан «сөз естіген» Ермек Маржықпаев бүгін федерация басшыларына ұрсқан. Олимпиадада нашар нәтиже көрсеткен спорт федерацияларының басшылары бір-бірден тұрып, сұраққа жауап берген.

Алқа отырысының ортасында триатлоншылардың нәтижесіне көңілі толмаған Ермек Маржықпаев федерация өкілдерінен мән-жайды түсіндіруді талап етті.

«Триатлоншыларға келейік. Екатерина Шабалина. Триатлоннан кім бар? Мура, не болып қалды?» деген министр залдан триатлон федерациясының өкілдерін іздеді.

«Екатерина өкінішке қарай жолдан тайып кетті. Мен бас жаттықтырушы ретінде жауапкершіліктен қашпаймын. Толығымен қатемді мойындаймын», - деді бас жаттықтырушы Мұрат Әубәкіров. 

«Біз сізбен сөйлесіп, триатлон федерациясының президентімен де келіскеміз. Лондон Олимпиадасынан бері бізде жүлде жоқ. Мен Сенаның жағдайын өз көзіммен көрдім, бірақ, соңына дейін жүзіп барғандар болды емес пе? Яғни, ол спортшыларды жаттықтырды ғой», - деді спорт министрі жаттықтырушының жауабына қанағаттанбай.

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасында жарысқа түскен триатлоншы Екатерина Шабалина мәреге 55-ші болып жеткен. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.