28.08.2024, 13:32
Спорт
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open-де жеңіске жетті
Тимоти Скатов поляк спортшысы Губерт Хуркачтан жеңілді
Фото: Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open-де жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина іріктеуден өткен австралиялық Дестани Айяваны (WTA рейтингінде 194-ші орында) жеңді, есеп 6:1, 7:6 (7:1). Еленаның келесі айналымдағы қарсыласы - француз спортшысы Джессика Понше (143 WTA).
Өз кезегінде әлемнің 32-ші ракеткасы Юлия Путинцева Линда Носкованы (25 WTA) жеңді, есеп 7:6 (7:3), 6:4. Екінші раундта Юлия қытайлық Ван Синьюмен (40 WTA) ойнайды.
Ал Тимоти Скатов US Open стартында әлемнің жетінші ракеткасы Губерт Хуркачқа лайықты қарсылық көрсетті. Тәжірибелі поляк спортшысы жеңіске жетті, есеп 6:3, 7:6 (7:4), 7:6 (7:3).
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)