Париж Олимпиадасы: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде нешінші орында тұр?

Azattyq Rýhy

Олимпия ойындарында медальдар көрсеткіші бойынша Қытай құрамасы бастап тұр

Париж Олимпиадасы: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде нешінші орында тұр?
Фото: Olympic.kz

Париж Олимпиадасының жалпы медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы күннен күнге төмендеп барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Осылайша, жалпы медальдар кестесінде 43-орынға орналасты.

Олимпия ойындарында медальдар көрсеткіші бойынша Қытай құрамасы бастап тұр. Аспанасты елінің еншісінде әзірге 39 алтын, 27 күміс, 24 қола медаль бар.

Екінші орында – АҚШ, қоржынында 38 алтын, 42 күміс, 42 қола медаль бар. Үздік үштікке әзірге Аустралия елі еніп тұр. Бұл елдің еншісінде 18 алтын, 18 күміс, 14 қола (41) медаль бар.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы бүгін 11 тамыз күні аяқталады. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр. Олимпия ойындарының соңғы күні Қазақстан намысын жеңіл атлетикадан Жанна Мамаджанова сынға түсіп, 33-орын алды. Сол сияқты еркін күрестен Әлішер Ерғали жұбаныш раундында да жеңіліп қалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.