11.08.2024, 12:16
Спорт
«Мен әйелмін»: трансгендер деп айыпталған боксшы өзін сынағандарға жауап берді
Ол Олимпиада чемпионы атанды
Фото: instagram.com/imane_khelif_10
Париж Олимпиадасының финалында трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф қытайлық Ян Люді жеңіп, чемпион атанды. Осыдан кейін алжирлік боксшы өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы жеңісі арқылы Иман Хелиф Олимпиададағы алғашқы медаліне ие болды.
«Мен ерекше қабілеті бар, мықты әйелмін. Негізсіз жасалған шабуыл мен зұлымдықтың нысанына айналдым. Осы жеңісім арқылы оларға лайықты жауап бердім. Әйелдер арасындағы турнирге қатысуға толықтай құқым бар. Себебі өзге нәзікжандылар секілді мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүріп жүрмін, тиісінше әйел ретінде жарысқа түстім. Орынсыз жасалған шабуылдардың бәрі жетістігіме ерекше күш береді», – деді Иман Хелиф.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды