11.08.2024, 14:00
Спорт
Олимпиаданың соңғы күні: қазақстандық жеңілатлет 33-орын алды
Отандасымыз марафонда сынға түсті
Фото: Владислав Семенов, ҰОК
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Жанна Мамажанова Париждегі Олимпиада ойындарында сынға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз марафонда ел атынан өнер көрсетті. Мамажанова қашықтықты 02:30:51 уақытта өтіп, 33-орын алды.
Олимпиаданы Сифан Хасан жеңіп алды (Нидерланд) рекорд орнатып жеңіп алды. Ол 02:22:55 уақытта жүгіріп өтті.
Екінші орынға эфиопиялық Тигц Ассефа (02: 22: 58) орналасса, Кениядан келген Хелен Отри (02:23:10) үздік үштікті түйіндеді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы