Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлдемен құттықтады

Azattyq Rýhy

Назым Қызайбай ел қоржынына Олимпиаданың үшінші қола жүлдесін сыйлады

Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлдемен құттықтады
Фото: ҰОК

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келеді. Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!», - делінген жеделхатта.

Еске салайық, Назым Қызайбай (50 кг) жартылай финалда қытайлық Ву Юға есе жіберіп, қола жүлдеге ие болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.