26.10.2023, 15:34
Спорт
Азия пара ойындары: Дастан Мұқашбеков жеңіл атлетикадан алтын медаль жеңіп алды
Бұл – Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, спортшының нәтижесі – 15,74 м.
Сондай-ақ осы санатта қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды, ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды.
«Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, бұл – Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты