Азия пара ойындары: қазақстандықтар екі күміс және екі қола жүлде жеңіп алды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Азия пара ойындары: қазақстандықтар екі күміс және екі қола жүлде жеңіп алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында қазақстандық екі спортшы күміс және екі спортшы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия пара ойындарының аясында пара каноэдан біздің отандасымыз Жалғас Тайкенов пара каноэдан 43,369 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленді.

Сондай-ақ пара каноэдан қазақстандық спортшы Бибарыс Спатай күміс медаль жеңіп алды.

Ал тағы екі спортшымыз қола жүлде иегері атанды.

Атап айтқанда, пара пауэрлифингтен 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлім Құрманбаева қола медаль иегері атанса, Роман Потапов S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуде қола медаль жеңіп алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.