Азия ойындары: Қазақстан спортшылары үшінші алтын жүлдені жеңіп алды

Azattyq Rýhy

Спортшыларымыз стенд атудың скит бағдарламасының аралас жұптық сынында бірінші орын алды

Азия ойындары: Қазақстан спортшылары үшінші алтын жүлдені жеңіп алды
Фото: gov.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қозғалатын нысанаға 10 метрден оқ ату сайысында Александр Сәдуақасов, Фатима Ирназаров және Зухра Ирназаровадан құралған Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ спортшыларымыз стенд атудың скит бағдарламасының аралас жұптық сынында бірінші орын алды.

«Бұл сында еліміз атынан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко өнер көрсетті», - делінген хабарламада Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Финалда олар Кувейт құрамасын 40-35 есебімен жеңді

Тақырыпқа орай: Зухара Ирназарова Азия ойындарында екінші алтынды жеңіп алды.

Айта кетейік, Азия ойындары Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Осылайша, еліміз құрамасының қоржынындағы алттын жүлде саны үшке жетті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.