Зухра Ирназарова Азия ойындарында екінші алтынды жеңіп алды
Ол 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында чемпион атанды
Зухра Ирназарова Қазақстанға Азиаданың екінші алтынын алып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Біздің отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 баллға жеткізді.
«Керемет нәтиже! Зухраны кез келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.