31.08.2023, 09:09
Спорт
Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті
Оның қарсыласы матчқа келуден бас тартқан
Фото: sports.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді.
Алайда, аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Е.Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елена украиналық теннисші марта Костюкті де жеңген болатын (39-орын) — 6:2, 6:1.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды