29.08.2023, 16:44
Спорт
Еркін күрестен әлем чемпионатына кімдер қатысады
Айтулы додаға бір айдан аз уақыт қалды
Суретте: Ризабек Айтмұхан. Фото: olympic.kz
Еркін күрестен Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлағандай, чемпионатқа еркін күрестен Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысады.
Сонымен, алдағы әлем чемпионатына қатысатындар:
- 57 кг дейін – Мейрамбек Қартбай;
- 61 кг дейін – Өсімжан Дастанбек;
- 65 кг дейін – Әділ Оспанов;
- 70 кг дейін – Санжар Досжанов;
- 74 кг дейін – Нұрқожа Қайпанов;
- 79 кг дейін – Болат Сақаев;
- 86 кг дейін – Азамат Дәулетбеков;
- 92 кг дейін – Ризабек Айтмұхан;
- 97 кг дейін – Алишер Ерғали;
- 125 кг дейін – Юсуп Батырмурзаев.
«16-24 қыркүйек аралығында Сербия астанасында жылдың басты оқиғасы – Әлем чемпионаты өтеді. Бұл чемпионат – 2024 жылғы Олимпиада ойындары алдындағы алғашқы лицензиялық турнир», - деп атап өтті федерация өкілдері.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды