12.07.2023, 20:57
Спорт
Уимблдон: Елена Рыбакина жартылай финалға өте алмады
Қазақстандық теннисші ширек финалда тунистік Онс Жабермен сынға түсті
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен сынға түсті.
Ширек финалдың бірінші партиясында теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты - 7:6 (7:5).
Бірақ екінші сет соңына қарай Онс Жабер есепті еселеп кетті - 6:4, 6:1.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Елена Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 5 брейк жасады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды