14.07.2023, 08:58
Спорт
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль ұтып алды
Ұлттық құрама қоржынына 2 медаль түсті
Жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК хабарлауынша, Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан XXV Азия чемпионатында қазақстандықтар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.
«Биіктікке секіруден Ұлттық құрама спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге қарғыған», - делінген хабарламада.
Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 м).
«Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында тұр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:00
Жабал Ерғалиев: Отанға деген сүйіспеншілік үлкен сөздерден емес, күнделікті қарапайым істерден басталады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды