$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2023, 20:40
Спорт

Уимблдон турнирі: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен сынға түсті

Уимблдон турнирі: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің 13-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен сынға түсті. Бұған дейін Рыбакина бразилиялық теннисшіден екі рет жеңілген болатын.

Ал Уимблдон турнирінің төртінші айналымында Рыбакина есе қайтарды.  Бірінші партияда Рыбакина брейкпен алға шықты - 3:1. Содан кейін өз геймін алды - 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші ойынды тоқтатты.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен шеберлік байқасады.

Серіктес жаңалықтары