21.12.2022, 23:29
Спорт
Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтеді
Оған әлемнің 50 елінен үздік шахматшылар қатысады
фото: syzran-chess.ru
Алматыда 25-30 Желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жүлде қоры – 1 миллион доллар, сайысқа 50 елдің үздік шахматшылары қатысады.
Турнир ФИДЕ аясында өтеді. Жарысқа 176 ойыншы қатысады, оның 98-і әйел.
Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша чемпионатқа Норвегия, АҚШ, Нидерланды, Әзірбайжан, Қытай, Франция, Польша, Үндістан, Грузия, Иран, Болгария, Қазақстан және халықаралық шахмат федерациясының чемпиондары қатысады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы