$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аударыспақ спортына қызығатын жастар көбейіп келеді – бас жаттықтырушы

Спорт түрі бойынша әлемдік додалардан жүлделі оралғандар да аз емес

Аударыспақ спортына қызығатын жастар көбейіп келеді – бас жаттықтырушы

Аударыспақ ұлттық спорты бойынша бас жаттықтырушы Жанбатыр Бекмұсаев «Алтын тұғыр-2022» салтанатты іс-шарасының кулуарында аталған спорт түрі жайында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Аударыспақ бойынша биыл ересектер арасында 21-рет ел чемпионаты өтті. Жасөспірімдер арасында 10-рет, жастар арасында 16-рет өтті. Алғашында 3 салмақ деңгейінде бастаған едік. Бұл спорт түрі дамып, салмақ дәрежесі өсті. 2023 жылы өзгертілген ереже бойынша 9 спортшыға дейінгі сан енгізіліп отыр. Аударыспақпен ел бойынша 7 мыңнан астам адам айналысады. Барлық өңірде спорт мектептерінде аударыспақ штаттары бар. Биыл Қазан қаласында өткен әлем чемпилнатында екі палуанымыз жүлделі алтын медальді ұтып алды», - деді бапкер.

Оның айтуынша, жаттықтырушылар мен спортшылар жыл сайынғы семинардан өтіп, сертификат алады.

«Қазір курстан өтіп жатқан төрешілер де бар. Республикалық телеарналардан көрсетілген бағдарламалардың нәтижесінде ұлттық спорт – аударыспаққа қызығатын жастар көбейді», - деді ол.

Айта кетейік, «Алтын тұғыр-2022» сыйлығын өткізуге Amanat партиясы мен Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары