20.07.2022, 12:34
Спорт
Қазақстандық ауыратлет Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Ташкентте өтті
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер командасының өкілі Азамат Төлеген Ташкенттегі Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

61 кг-ға дейінгі санатта біздің спортшы алтыдан бес рет әрекет жасап, 262 (112+150) килограмның салмағына тоқталды. Бұл нәтиже оған қоссайыс сомасында «қоланы» қамтамасыз етті.
Бірінші орында Корея өкілі Шин Рок 281 (126+155 кг). «Күміс» үндістандық спортшы Сирумурган Мадхаванның еншісінде қалды – 265 (121+144 кг).
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
